0:00 / 0:00
Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қорқыту мен бопсалау арқылы миллиондаған теңге талап еткен. Ақтауда ерлі-зайыпты интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттерінен 3 миллион теңге алмақ болғаны үшін сотталды. Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, сот анықтағандай, ерлі-зайыпты клиенттердің жеке деректерін иемденіп, оларды күш қолданумен қорқытқан. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының атынан сөйлеп, жәбірленушілерден ақша талап еткен. Сот отырысында прокурор айыптауды қолдап, күдіктілердің кінәсін дәлелдейтін материалдарды ұсынған. Сот оларды Қылмыстық кодекстің 194-бабы, яғни бопсалау бойынша кінәлі деп таныды. Ерлі-зайыптылардың бірі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Екіншісіне 4 жыл жаза тағайындалып, оны өтеу бір жылға кейінге шегерілді. Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.







