0:00 / 0:00
Алаяқтар енді «Қазпошта» атын жамылып, қазақстандықтардың жеке деректеріне қол сұғуда. Олар тұрғындарға сәлемдеме жеткізілетіні туралы жалған хабарлама жіберіп, мекенжайды нақтылау үшін күмәнді сілтемеге өтуді ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ескертті. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қазақстандықтарға белгісіз нөмірден хабарламалар келе бастаған. Онда алушыларға сәлемдеме жеткізілетіні айтылып, мекенжайын растау сұралады. Хабарламаға қоса ресми ескертуге ұқсас нұсқаулық та тіркелген. Алайда көрсетілген сілтеме «Қазпоштаның» жалған сайтына бағыттайды. Осы арқылы алаяқтар азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен басқа да құпия мәліметтерін жинайды. Бас прокуратура тұрғындарды сақ болуға шақырады. Белгісіз нөмірлерден келген күмәнді сілтемелерге өтпей, жеке деректерді енгізбеу қажет.







