Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Ғылым қоры» бөлген 736 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз аударылған

c 06:15, 14/11 c 1

0:00 / 0:00

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті ғылыми жобаларды коммерцияландыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Іс «Bal halal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты қозғалған. Тергеу мәліметінше, 2023-2024 жылдары компания «Ғылым қоры» акционерлік қоғамынан төрт жобаны жүзеге асыру үшін 1 миллиард 150 миллион теңге алған. Жобалар аясында өсімдік шикізатынан инновациялық макарон өнімдерін шығару және микронутриенттермен байытылған ұн өндіру жоспарланған. Бөлінген қаржыға қажетті жабдықтар сатып алып, өндіріс орындарын дайындау, шикізат пен қосалқы бөлшектер алу, қондырғыларды орнату және дайын өнім шығаруды жолға қою көзделген. Алайда тергеу барысында сатып алынған жабдықтардың жоспарланған өнімдерді өндіруге жарамсыз екені анықталған. Қаражатты заңсыз шығару үшін күдіктімен байланысы бар тұлғалардың атына тіркелген «SMART 15» серіктестігі пайдаланылған. Жабдық сатып алу және түрлі қызметтерге ақы төлеу деген желеумен оның есепшоттарына 736 миллион 400 мың теңге аударылған. Бұдан бөлек, іске «Фабрика рекламы Шымкент», «Jana tan» серіктестіктері, «Sisters Brand KZ» жеке кәсіпкерлігі және өзге де кәсіпкерлік субъектілері тартылған. Сонымен қатар жобалардың орындалуын бақылау тек қағаз жүзінде жүргізілген. Мониторинг актілері өндіріс орындарына бармай-ақ, атқарылған жұмыстарды тексерместен рәсімделген. Құжаттарды «Bal halal» серіктестігінің қызметкерлері дайындап, мониторинг топтарының мүшелері қол қойған. Осылайша мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуына бақылау жасалып жатқандай жалған көрініс қалыптастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.