Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

98 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ 373 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

c 06:43, 14/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда 98 мыңнан астам азаматтың 373 миллиард теңге қарызы есептен шығарылды. Қаржылық міндеттемелерін өтей алмаған тұрғындар банкрот деп танылған. Ал тағы 23 мыңнан астам адамның банкроттық рәсімі жалғасып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Мәліметке сәйкес, Қазақстанда азаматтарға банкроттықтың екі түрі қолжетімді. Соттан тыс рәсім қарызы 1 600 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және меншігінде мүлкі жоқ адамдарға арналған. Ал қарызы бұл мөлшерден асатын немесе баспанасы, көлігі сияқты мүлкі бар азаматтар сот арқылы банкроттыққа өтініш бере алады. Қазір тағы 23 195 адамның жалпы сомасы 134,5 миллиард теңге болатын берешегіне қатысты рәсім жүргізілуде. Алайда банкроттық қарыздан біржола құтылудың оңай жолы емес. Азамат банкрот деп танылғаннан кейін бес жыл бойы банк несиесі мен микрокредит ала алмайды. Қайта банкроттық рәсімінен өту үшін жеті жыл күтуі керек. Сонымен қатар үш жыл бойы оның қаржылық жағдайына мемлекеттік мониторинг жүргізіледі. Алимент сияқты кейбір міндеттемелер есептен шығарылмайды. Ал тұрақты табысы бар және қарызын біртіндеп өтей алатын азаматтар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қарастырылған. Бұл жағдайда сот бес жылға дейінгі жеке төлем жоспарын бекіте алады және ешқандай шектеу қойылмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.