0:00 / 0:00
Қазақстанда ішкі әуе рейстеріне арналған билеттердің бағасы мен тариф қалыптастыру тәртібі тексерілмек. Бұл бастама 13 қарашада Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында көтерілді.Жиында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне Көлік министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, әуе билеттерінің құнына мониторинг жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ тарифтердің қалай қалыптасатынын зерделеу тапсырылды. Бастаманы Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смаилов көтерген. Бұдан бөлек, билет бағасының күнтізбесін енгізу және құны өзгерген кезде жолаушыларға хабарлама жіберу мүмкіндігі де қарастырылмақ. Министр Арман Шакқалиев пен Қоғамдық кеңес төрағасы Руслан Шаейкиннің қатысуымен өткен отырыста электронды сауданың дамуы да талқыланды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстандағы бөлшек электронды сауда көлемі 3 триллион 768 миллиард 800 миллион теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түрікменстан арасында бірыңғай цифрлық нарық құру бастамасы қаралды.







