Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық алдында есеп берерді...

c 19:02, 11/01/2019 c 968

0:00 / 0:00

Биыл да барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді. Бірер күннен соң басталатын шарада бір жыл бойы атқарылған жұмыстар тұрғындар алдында сараланып, алдағы жұмыстар жоспары таныстырылады. Биыл да облыс әкімі мен Орал қаласының әкімінің есебі онлайн режимде тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Жыл басы - өткен бір жылда барлық деңгейдегі әкімдер тарапынан атқарылған істерге халық алдында есеп беріп, алда тұрған міндеттерді айқындайтын, жаңа межелерге жоспар құратын кезең. ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес биыл ауылдық округ әкімдері 14-18 қаңтар аралығында елді мекендерде, ал 15-25 қаңтар аралығында ауылдық округ орталықтарында атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында есеп беретін болса, облыс әкімінің биылғы есептік кездесуі 16 ақпан күні өтеді деп, яғни сенбі күнге жоспарланып отыр.
Осыған орай қазіргі кезде Орал қаласы мен аудандарда арнайы жәшіктер орнатылып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері, ескертпелері жинақталуда. 12 аудан мен Орал қаласы әкімінің есептік кездесулеріне өңір басшысы Алтай Көлгіновтің қатысуы жоспарланып отыр. Ал шаһар басшысы Мұрат Мұқаев 13-ші ақпан күні сағат 16:00 де «Нұр Отан» Партиясының БҚОФ ғимаратының үлкен залында халық алдында есепи береді деп жоспарланып отыр.

Биыл облыста барлығы 404 есептік кездесу өтпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.