Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вирустың таралуы азайған

c 18:10, 03/06/2021 c 631

0:00 / 0:00

Өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Дегенмен аурушаңдық мамыр айында 23 пайызға төмендеген. Облыстық КВИ-ға қарсы жедел штаб отырысында айтылғандай өңір тұрғындары өздерінің науқас екенін біле тұра жолға шығып, арудың одан әрі таралуына себеп болуда.Ауру таралу көрсеткіші бойынша өңір бір аптадан бері сары аймақтар тізімінде. Дегенмен де бұл матрица бір тәулікте өзгеруі бек мүмкін. Өйткені өңір Ресейдің бірнеше облысымен шекаралас орналасуы себепті ауру өзге аумақтан тасымалдануы ықтимал. Күніне шекарадан шамамен 2000-нан аса адам өтетіндігін ескерсек, санитарлық талаптарды сақтау аса маңызға ие. Жедел штаб отырысында медицина саласы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Мәселен, ауруға қарсы препараттар жеткілікті. Дегенмен де, науқастардың дерті дендеп, өмірмен қоштасу жағдайлары азаяр емес. Оған негізгі себеп-ауру жұқтыруды жасыру және үй жағдайында өз беттерінше емделу. Мәселен, жыл басынан бері стационардағы науқастардың 14 пайызы қайтыс болған. Талдаулар қорытындысында көрсетілгендей марқұмдардың 85 пайызында созылмалы аурулардың асқынуы болған. Сонымен қатар, бірнеше адам дигноздарын біле тұра жолға шығып, балаларға ауру жұқтырыпты. Сол себепті облыстағы мекемелер мен кәсіпкерлік субъектелері тек "Ашық" мобильді қосымшасымен қызмет атқаратын болады. Күні бүгінге дейін аймақта барлығы 467 нысан "Ашыққа" тіркелген. Сонымен қатар өңір басшысы қала әкіміне монитоингтік топтар халықтың көп жиналатын орындарында тексеруді күшейту қажеттігін ескертті. Мәселен, Оралдағы тынымбақтар мен саябақтарда адамдардың топталып серуен құруы мәселені одан әрі ушықтыру мүмкін. Айта кеткен жөн, 8 мониторингтік топ тек қана шағымдар негізінде ғана жұмыс жасайды.Бүгінге дейін барлығы 186 бұзушылық анықталып, олардың 123-нде заңсыздық орын алғаны белгілі болыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.