Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үш адам зардап шекті

c 17:16, 14/02/2019 c 567

0:00 / 0:00

Кеше кешкі сағат 21.04-те Орал-Желаев трассасы 24 мекенжайындағы «Желаев комбинаты» АҚ-ның 3 қабатты әкімшілік ғимаратынан өрт шықты.БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші қабаттағы ас үй жайы өртенген. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенше, нысанның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі күшімен 15 қызметкер қауіпсіз орынға шығарылған.Оқиға орнына ТЖД-ның Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы бөлімшесінен 52 өрт сөндіруші мен 14 техника және Жедел құтқару жасағынан 3 құтқарушы мен 1 техника жіберілген. Жалын сағат 22.02-де ауыздықталып, 22.21-де толық сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануы  электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болуы мүмкін. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақпосынова өрттен зардап шеккен адамдар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ағымдағы жылы облыс бойынша 61 өрт оқиғасы тіркеліпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.