Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Учаскелік полиция - тыныштық күзетшісі

c 17:30, 16/10/2019 c 642

0:00 / 0:00

Орал қаласында учаскелік полицейлер 6 қылмыстың жолын кескен.Оқиға бар болғаны бір айдың ар жақ , бер жағында тіркеліп отыр.Осы қысқа мерзімде "Учаске" жедел профилактикалық іс шарасының аясында учаскелік полицейлер қылмысқа тосқауыл болып үлгерген. Рейд барысында Зашаған полиция бекетіне қарасты құқық қорғаушылар Көктем, Жақсыауыл, Арман, Ипадром, Сарытау, Ғарышкер сынды бірнеше ықшам аудандарын аралап, өздеріне бекітілген әкімшілік аумақ көлеміндегі пәтерлер мен үйлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпарат алды. Жедел алдын-алу шарасы кезінде учаскелік полицейлер бірнеше жанұяның амандығына араша түсе отырып, 6 қылмыстың жолына тосқауыл болған. Оңай жолды құп көретіндердің дені - ащы суға еліккендер мен тұрақты жұмысы жоқтар болса керек. Олар үйді тонау, ұрлық-қарлық әрекетіне жиі барады мыс. Учаскелік полиция - қоғамдық тәртіп сақтауда әрдайым алғы шепте тұратын тыныштық күзетшісі. Олардың жұмысы қашан да өзекті. Осы ретте, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнатуда мұндай шаралардың маңызы - орасан зор. Учаскелік полицейлердің толық құрамы жұмылдырылған шара Зашаған кентінен өзге Кругоозерный мен Серебряков кентінде жалғасуда.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.