0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында балабақша бухгалтері бюджет қаржысынан 29 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел балабақша меңгерушісінің электронды цифрлық қолтаңбасын иемденіп, оны қаржылық операциялар жүргізу үшін пайдаланған.










