Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана кезегінен 50 мыңнан астам адам шығарылды

c 06:27, 21/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған 52 мыңнан астам азамат тізімнен шығарылды. Бұған олардың атында жеке меншік құқығындағы баспананың болуы себеп. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады. Банк мамандары тұрғын үйге мұқтаж азаматтар туралы мәліметтерге жаппай тексеру жүргізген. Нәтижесінде заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін 52 мың 535 адам анықталған. Олардың жеке меншігінде баспанасы болғандықтан, тұрғын үй кезегінен шығарылды. «Отбасы банкінен» мәлімдегендей, қыркүйек айында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың жеке деректерін жинау мен өңдеуге бөлек келісім алу қажеттілігі жойылған. Бұл кезекте тұрғандардың мәліметтерін тексеруге мүмкіндік берген. Банк тексеру жұмыстарын жалғастырады. Енді заңда көзделген негіздер болған жағдайда, ортақ бірлескен меншігінде баспанасы бар азаматтардың да кезектегі мәртебесі қайта қаралады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.