Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлік қағып кеткен 14 жастағы оқушы көз жұмды

c 07:20, 21/11 c 1

0:00 / 0:00

Қарағанды облысында жол апатынан 14 жастағы қыз бала қаза тапты. Оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші кейін қайта оралған. Қазір полиция екі бірдей қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні кешкі уақытта Петровка ауылында болған. Үйіне қайтып бара жатқан мектеп оқушысын көлік қағып кеткен. Қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгердің айтуынша, жүргізуші баланы қағып кеткен соң тоқтамай, оқиға орнынан кетіп қалған. Ер адам көліктің соңынан қуып жетіп, мемлекеттік нөмірін жазып алып, полицияға хабарлаған. Кейін көлік иесі апат болған жерге қайта келген. Көлік тізгінінде болған әйел өзінің оқиға орнынан қашпағанын айтады. Оның сөзінше, көлікте үш жастағы немересі болған. Жол апатынан кейін бала қатты шошып, жылағандықтан, оны тыныштандыру үшін кетіп, шамамен жарты сағаттан соң қайта оралған. Сондай-ақ жүргізуші көлікті сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүргізгенін және қыздың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенін мәлімдеген. Полиция адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу және жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету деректері бойынша қылмыстық істер қозғады. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазір бірқатар сараптама тағайындалған. Мамандар көліктің нақты жылдамдығын және жүргізушінің соқтығысудың алдын алуға мүмкіндігі болған-болмағанын анықтайды. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ал марқұмның туыстары жүргізушінің заң алдында жауап беруін талап етіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.