Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күдікті тұтқындау кезінде өзіне қол жұмсамақ болды

c 07:34, 21/11 c 1

0:00 / 0:00

Алматыда қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды полиция тұтқындау кезінде ол өзіне қол жұмсамақ болған. Салдарынан күдікті дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді. Полицияға жәбірленуші қыздың ата-анасы арызданған. Олар қыздарына қатысты қылмыс жасады деп күдіктенген ер адам туралы хабар берген. Осыдан кейін оқиға орнына «Боран-127» патрульдік экипажы жіберілген. Полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстаған. Алайда ұстау кезінде ер адам өзіне қол жұмсауға әрекеттеніп, жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.