0:00 / 0:00
Қаламыздың ортасындағы "Мирлан" базары саудагерлері кеше арнамызға хабарласып көмек сұраған болатын. Жаңа жоспар бойынша ашық базарлар жойылып орнына жабық базар салынады екен. Осыған орай аталмыш базардың 100 ден астам сатушыларына желтоқсанның 31-не дейін өз сауда орындарын босату туралы ескертпе қағаз жіберілген. Күн көріс орнынан айырылып, жұмыссыз қаламыз ба деп қорыққан саудагерлер базар әкімшілігі алдына жиналып өз наразылықтарын жеткізген болатын. Бұл наразылық кеше жаңалықтар қызметінде көрсетілген болатын. Бүгін осы мәселе бойынша БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы жауап берді. Саудагерлер мәселесі оң шешімін таппақ. Ешкім де жұмыссыз далада қалмайды, сатушыларға жаңа сауда нүктелері қарастырылмақ.










