Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫН НӨМІРДІ САҚТАЙ ОТЫРЫП АУЫСТЫРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

c 16:28, 18/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда ұялы телефон нөмірін сақтай отырып, байланыс операторын ауыстыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптар 24 қарашадан бастап күшіне енеді. Енді абоненттер байланыс операторын екі айда бір реттен жиі ауыстыра алмайды. Ал жаңадан іске қосылған нөмірлер үшін бұрынғы оператор желісінде алғаш белсендірілген күннен бастап екі апталық шектеу мерзімі белгіленді. Өтінімді қызмет көрсету орталықтарында немесе автоматтандырылған жүйелер арқылы беруге болады. Сондай-ақ нөмірді ауыстыру рәсімін ең көбі бір айға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Осы мерзім өткен соң жүйе абонент деректерінің өзектілігін тексереді. Егер тексеру демалыс күндеріне сәйкес келсе, ол келесі жұмыс күні жүргізіледі. Жеке тұлғалар үшін операторды ауыстыру рәсімі 45 минутқа дейін созылады. Ал корпоративтік клиенттерге төрт жұмыс сағатына дейін уақыт қажет. Өтінімнің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ абоненттің ЖСН немесе БСН нөмірін орталықтандырылған абоненттік нөмірлер базасымен салыстыру жұмыстары 10 минуттан үш сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Бұл абоненттің мәртебесіне байланысты. Өтінімдер қорғалған цифрлық интерфейстер арқылы өңделеді. Ал нөмірді қате көшіру дерегі анықталған жағдайда, операторларға бағыттауды түзету және нөмірді өшіру үшін 30 минут уақыт беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.