0:00 / 0:00
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі екінші сыныптан бастап оқушыларға міндетті диктант, мазмұндама және шығарма жазу тапсырмаларын енгізді. Бұл туралы Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Ведомство басшысының Құрылтайда өткен брифингте түсіндіруінше, жаңа талап оқушылардың оқу, жазу және жаратылыстану бағытындағы сауаттылығында анықталған олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Сонымен қатар балалардың жас ерекшеліктеріне сай әдеби шығармаларды көбірек оқып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру көзделіп отыр.







