Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАРАТ ИРМЕНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰҚК ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

c 14:56, 17/11 c 1

Марат Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы болып тағайындалды. Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатауллаұлы Ирменов бұрынғы атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.  ҰҚК ресми сайтының мәліметінше, Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, ал 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған. 1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтер атқарған. 2000–2025 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді. Марат Ирменов – ҚР ҰҚК-нің құрметті қызметкері. 2019 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.