0:00 / 0:00
Қазақстаннан 160 тоннаға жуық жанар-жағармайды заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Сондай-ақ автокөліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізушілер қолданыстағы шектеулерді айналып өтіп, бензин мен дизель отынын ел аумағынан сыртқа шығару үшін көліктеріне қосымша бактар орнатқан. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген. Мұнда 386 дерек анықталды. Сондай-ақ Түркістан және Қостанай облыстарында да осындай жағдайлар тіркелген. Жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз орнатылған жанармай бактары алынып, автокөліктер иелеріне қайтарылды.







