Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАРКЕТПЛЕЙСТЕР МЕН ОНЛАЙН ОЙЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛМЕК

c 16:01, 18/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжатқа сәйкес, маркетплейстер мен ойын бағдарламаларын әзірлеушілер мемлекеттік тексеруден өтуге міндеттеледі. Бастама аясында платформаларда контентке арнайы белгі қойылып, чаттар мен ішкі сатып алулар сияқты қосымша функциялар туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ тексеруден өтпеген қосымшаларға қолжетімділікті шектеу үшін ата-ана бақылауы міндетті түрде енгізілмек. Қауіпті контентті бұғаттау талаптарын орындамаған жағдайда жауапкершілік платформалардың иелеріне жүктеледі. Бұдан бөлек, виртуалды кеңістікте жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін фотосуреті бар балалардың жеке куәліктерін енгізу ұсынылып отыр. Жалпы, заң жобасы 120-дан астам түзетуді қамтиды. Қазіргі уақытта құжат талқылау кезеңінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.