0:00 / 0:00
Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жаңарған «Жастар» стадионы пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдерге арналған бірнеше спорт алаңы бар. Енді аудан тұрғындары спорттың түрлі бағыттарымен бір жерде айналыса алады. Жаңа кешеннің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Бөрлі ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Толығырақ тілші материалында.










