Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ қалай өтеді?

c 17:12, 05/06/2020 c 758

0:00 / 0:00

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 26-шы маусымда басталады. Қазіргі эпидемологиялық жағдайға байланысты ҰБТ-ны ұйымдастыруда біраз өзгерістер бар. Мектеп түлектерінің киімдері тест тапсырмастан бұрын арнайы зарарсындандырылып, әрбір оқушының дене қызуы өлшенеді.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыруда өзгерістер бар. Мамандар ҰБТ кезінде барлық санитарлық талаптар сақталады деп отыр. Мәселен, тест тапсыратын түлектің дене қызуы ғимараттың кіреберісінде өлшеніп, киімдері залалсыздандырылады.

Биылғы жаңашылдықтың бірі ҰБТ уақыты 4 сағатты құрап отыр. Бұрын түлек тапсырмаларын 3 сағат 50 минут уақытта тапсыратын еді. Сала мамандары тесттің форматы өзгермегенін айтады. Бірақ тестегі сұрақтардың 30 пайызы өзгеріске ұшырапты. Және 4-ші тоқсанда өткен тақырыптар бойынша сауалдар қойылмайды. Тест тапсыратын түлектер жоғарғы оқу орынында оқу үшін кемінде 50 баллды жинауы керек.

ҰБТ-ге байланысты туындаған аппеляциялық сұрақтарды түлектер сынақ тапсырғаннан кейін екінші күні жолдай алады. Мамандар комиссия жауаптарды тексеріп, министрлікке жолдайтынын айтады. 2020 жылғы ҰБТ 26-шы маусымнан басталып, 3-шілдеге дейін өтеді деп жоспарлануда.

Сурет ғаламтордан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.