Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар құрылысқа қарсы

c 18:10, 12/09/2019 c 593

0:00 / 0:00

Диагностикалық орталықтың жанындағы бұл екі қабатты үйлер 1954 жылы салынған, содан бері бір күрделі жөндеу көрмеген. Аталмыш үйлер 65 жыл бойына ПИК қызметі қарауына алыну түгілі, үйдің үлкенінің болуы-заман талабы екенін ұмытқалы қашан... Аулада үлкен құрылыстың басталуы тұрғындарды біраз әбігерге салып отыр. "Жерді қазу жұмыстары мен ауыр техникалардың жүруі қабырғасынан саңылау көрінген үйлердің жағдайын одан әрі қиындатады ма", -деп қорқады тұрғындар.

Екі қабаты 4 үйдің әрбірінде 12 пәтер бар. Қазірдің өзінде ескірген үйлердің төбелері сөгіліп, қабарғаларынан саңылау көрініп тұр. Қыстың суығынан қорғану үшін үй иелері өз қалталарынан қаражат шығарып, кішігірм сылақ жұмыстарын жасап келеді. Алғашқысында бұл жерде дүкен салынуы тиіс болған. Бірақ, кейін көп қабатты тұрғын үй тұрғызылатын болып шешім шығарылған.Тұрғындардың өтініші бойынша нысан орнына жауапты сала мамандары келіп, жағдайға өз жауаптарын берді.

Көп қабаты тұрғын үй құрылысын саламын деп,мен Құрылысшы тұйығы, 3 мекен жайында орналасқан екі қабатты 4 үйдің тұрғындарын бірдей шулатқан мердігер компания иесі әзірге нақты шешімге келмеді. Ал, тұрғындар жаңа құрылысқа өз қарсылықтарын аяғына дейін көрсетпекке бекініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.