Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

c 16:20, 29/11/2019 c 1019

0:00 / 0:00

Бүгін Жастар мәдениет  үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған  «Егемен елдің тұтқасы Елбасы» атты мерекелік концерті өтті. Шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысып, бір топ азаматтарды құттықтады. «Егемен елдің тұтқасы Елбасы» атты мерекелік шарада тұңғыш Президенттің  өңірге сапарынан сыр шертетін фото көрме ұйымдастырылды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы, авторлық кітаптар көптомдығы, тәуелсіздік алғалы Елбасының  Ақжайық өңіріне жасаған сапарларындағы суреттер, қанатты сөздері мен өзекті пікір-пайымдары ұсынылды.  Шараға келушілерге  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасалды.  Мәдени шарада Орал қаласының әкімі  Абат Шыныбеков құттықтау сөз сөйледі.Бұдан соң әр саланың мамандары құттықталды. Олардың ішінде фототілшілер және қала өмірене белсене араласып оның дамуы жолында үлес қосып жүрген, Теміртауда  Елбасымен бірге жұмыстас болған азаматтар ел алдында марапатталды. Шара  сазды медени бағдарламаға ұласты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.