Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

c 17:40, 14/06/2021 c 565

0:00 / 0:00

Шаһар мектептерінде түлектерге аттестат табыстау басталды. Биыл қала бойынша 2285 оқушы орта мектепті тәмамдамақ. Бүгін олардың барлығына салтанатты түрде аттестат табысталды. Оралда 11 жылдық білімін түрлі сынақтарда дәлелдеген 111 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып отыр. Ал 67 түлек "Үздік аттестат" алыпты. Салтанатты шараның біріне қала әкімі Абат Шыныбеков арнайы барып қатысты. Күрделі жөндеуден өткен нөмері 45-і ЖОББМ-тің түлектерімен, ұстаздар қауымымен кездесіп, ақжарма тілегін арнады.

Күрделі жөндеуден өткен білім ордасынан биыл 35 оқушы түлеп ұшпақ. Оның 2-еуі "Алтын белгі" иегері атанса, 3 түлек "Үздік аттестас" алуда. Қала әкімі түлектерге төс белгілерін тағып, аттестаттарын табыстады. Физика пәнінен қалалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері және облыстық хоккей спортының жеңімпазы Нұрдаулет Қажмұратов үздік аттестат иегері атанғандардың бірі. Жас түлек алдағы өмірін құрылыс саласымен байланыстыруды жоспарлайтынын айтады.

Білім ордасындағы мерекелік шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.. Барлық қатысушылар маска тағып, 2 метрлік арақашықтықты сақтады. Орта білім туралы құжатты табыстауға арналған дәстүрлі шара мерекелік ән шашумен аяқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.