Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Теректі тынысы

c 16:10, 01/10/2019 c 972

0:00 / 0:00

Теректі ауданында 785 адам пәтер кезегінде тұр. Жылдар бойы баспанасын зарыға күткен жандарға арнап, аудан көлемінде 60 пәтердің кілті табысталған. Сондай-ақ, келер бес жылда кезекте тұрған жандарға арналған, 700-ден астам пәтер салыну жоспарланып отыр.

Теректі ауданының 88 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген- аудандардың бірі. Бүгінде 52 елді мекеннің 33 ауылына газ барды. Ал, 2018 жылы басталған 7 ауылға көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін 200 млн теңге қаражат бөлініпті. Алайда, жобаны аяқтау үшін тағы да қыруар қаржы керек. Бұқара халықты толғандыратын тағы бір өзекті мәселенің бірі-баспананың құрылысы. Қазіргі таңда аудан көлемінде пәтер кезегінде тұрған азаматтарға 60 пәтердің кілті табысталды. Бұдан бөлек, келер бес жылда 56 тұрғын үй салу көзделіп отыр.

Теректі ауданы мен күллі облыстың өзекті мәселесінің бірі бұл- Шалқар көлінің жағдайы. Бүгінде Батыс Қазақстанның інжу-маржаны ретінде танымал болған су айдынында балықтың саны азайып, судың мөлшері азайып бара жатқандығын айтқан едік. Аудан әкімі Шалқардың жағдайын қалыпта келтірге арналған жұмыстардың барлығы облыс басшысының басты назарында екендігін жеткізді.

Болашақта аудан әлеуетін арттыру үшін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Келешекте Теректіде мұнай өндіретін зауыт, сүт өнімдерін өңдейтін ферме бой түзеп, аудан халқын жаңа жұмыс орындарымен қамтымақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.