Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Темір жол - аса қауіпті аймақ»

c 18:25, 14/06/2022 c 1026

0:00 / 0:00

Желілік полиция бөлімімен өткізілген рейд барысында 3 құқық бұзушы анықталды. Азаматтар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Өңірде адамдар мен жануарлардың вокзал жолдарына өтуіне жол бермеу, теміржол көлігі нысандарында адамдардың жарақаттануы мен өлімін болдырмау үшін арнайы жұмыстары қайта жанданды. Мамандар тұрғындар арасында түсіндірме жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін айтуда.

Ереже бұзушылықтар жиі тіркелетін ең көп орындардың бірі - Орал-Желаево темір жолы учаскесі. Дәл осы жерде мамандар теміржол жолдарында қауіпсіздік ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейд жүргізді. Рейд барысында қауіпсіздік ережелерін бұзған жергілікті тұрғындармен әңгімелесу жүргізіліп, «Темір жол - қауіпті аймақ» парақтарын үлестірді. Тұрақты тәртіп бұзушыларға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамалар жасалды. Адамдар ескерту белгілеріне қарамастан, теміржолдарда келе жатқан пойызың алдынын үлгеріп жүріп өтемін деп өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл ескертулер мен түсіндірме әңгімелер оларға аздық етеді, сондықтан стандартты қоршаулар салу қажет дейді мамандар. Адамдар жиі өз өміріне қауіп төндіретін және белгіленбеген жерде жолды кесіп өтетін тағы бір аймақ - омега зауытының жанындағы өткел. Мұнда жеке үйлер теміржолға өте жақын орналасқан. Бұл маңдағы уақытты үнемдеуге тырысқан тұрғындар теміржолды кесіп өтемін деп өмірлерін қиып жатады. Сол себепті де темір жол маңында аса сақ болғандарыңыз абзал.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.