Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Тазалық-табалдырықтан басталады"

c 17:29, 19/04/2021 c 466

0:00 / 0:00

Өткен жылы БҚО аумағында қызметтерін жүзеге асырып, бірақ облыста тіркелмеген 82 компания анықталған. Биыл да өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде жеңімпаз-мердігерлердің кейбірі өзге өңірлерден екені белгілі болып отыр. Бұл ретте облыс салық бойынша 4 млрд. теңгедей түсімнен қағылады. Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында осы компаниялардың өңірімізде тіркелуі бойынша келіссөздер жүргізу қажеттігі тапсырылды. 2020 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын, бірақ тіркелмеген 82 компания анықталған. Жүргізілген келіссөздер арқылы төртеуі ғана тіркелген. 10 компания облыс аумағында филиалдарын ашқан. БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Қаюповтың мәліметінше, 2020 жылдан бастап 2021 жылға ауыспалы сомасы 33,5 млрд. теңгені құрайтын 61 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 19 жоба бойынша жалпы сомасы 22 млрд. теңгені құрайтын облыста тіркелмеген 17 мердігер бар. Бұл ретте облыс бюджетінің салықтар бойынша шығыны 2,7 млрд. теңгені құрады. Ал биыл 121 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда. 81 жобаның мердігері анықталды. Соның ішінде 38 жобаның мердігері ретінде анықталған 20 компания облыста тіркелмеген. Лездеме одан әрі «ikomek» 109» байланыс орталығы мен қаланы абаттандыруға қатысты атқарылған жұмыстар туралы өрбіді. Мәселен, шаһар 20 округке бөлініп, санитариялық тазалық шаралары орындалуда. Қала әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей бүгінде облыс орталығында 109 байланыс телефонына қоңырау шалушылар көп. Алда мамыр мерекелері. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық мерекелік шаралар онлайн өтетін болады. Оған қоса ауру егде жастағылар арасында артуына байланысты қазыналы қариялармызды барынша аурудан қорғау шаралары атқарылуы тиіс. Сол себепті биылда мерекелік шерулер болмайды. Жиынды қортындылаған өңір басшысы Ғали Нәжмиденұлы жоғарыдағы көтерілген алғашқы мәселеге байланысты, атап айтқанда облыста тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерінің салықты уақытылы төлеу мен оларды тіркеуге қатысты жұмыстарды 1 ай ішінде жүргізу қажеттігін орынбасарлары мен қала, аудан әкімдеріне тапсырды.Айта кеткен жөн ҚПО б.в қосалқы мердігерлері, ұлттық компаниялар филиалдары және бюджеттік жобаларды игеретін мердігерлер облыста тіркелуі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.