Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тазалық баршаға ортақ

c 17:39, 16/01/2020 c 622

0:00 / 0:00

Нысан маңындағы қар және мұздақтарды тазаламағаны үшін шағын және орта бизнес иелеріне айыппұл салынады. Қала әкімдігі шаһардағы абаттандыру жұмыстарын қадағалайтын мониторингтік топ құрды. Тексеру жұмыстарына арнаның түсіру тобы да қатысты. Мейрамхана, дәмхана, сұлулық салоны т.б кәсіпкерлік нысандары қыс мезгілінде өздеріне тиесілі аумақтардағы тазалықты сақтауы тиіс. Мәселен нысан маңындағы қар аршылып, шатырдағы мұздықтар алынып тасаталуы қажет. Яғни бизнес субьектілері тұтынушылар үшін қауіпсіздік шараларын сақтап қана қоймай, шаһар кейіпін бұзатын олқылықтарға жол бермеуі тиіс. Бұл талаптар баршаға ортақ болып саналады.Арнайы құрылған мобильдік топ қадағалау шараларын күшейткен. Күні бүгінге дейін 80-нен аса нысан бақылауға алынып, олардың 20 пайызы абаттандыру қағидаларын сақтамағаны үшін ескертпелер алған. Мониторингтік топ жұмысы маусым аяқталғанша жалғаса беретін болады. Ал олардың ескертпелеріне құлақ аспағандар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.