Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәуелсіздік - азаттықтың діңгегі

c 18:00, 13/12/2019 c 1096

0:00 / 0:00

Елбасы, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев айқандай: "Бұл күн - өз болашағымызды өзіміз көреткен ұлы күн". Кеңес Одағы ыдырғаннан кейін, өткір дағдарысты еңсерген Қазақстан , бүгінде әлем елдерінің ішінде дамыған мемлекеттермен иық тіресіп, қоғамдық тұрақтылықты сақтап, бірлікті нығайтқан үстіне нығайта түсуде. Сәні мен салтанаты келіскен шарада жергілікті филармонияның әртістері мен эстраданың белді өкілдері өнер көрсетті. Салтанатты жиында "Ата-бабамыз аңсаған, арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған - ҚР Тәуесліздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын", - деп алғы сөзді ізгі құттықтауымен бастаған аймақ басшысы Ғали Есқалиев, тәуелсіздік жылдарында еліміздің, соның ішінде БҚО-ның қол жеткізген жетістігіне белестеріне тоқталды. Ел егемендік алған жылдардан бері БҚО-ның жергілікті өнімнің үлесі - 3 мың есеге өсті. Мәселен, 1994 жылы аймағымызда небары - 900 млн теңгеге тауар өндірілген болса, ал 2018 жылығы көрсеткіш - 2 триллион, 800 млярд теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, еліміздегі өндіріс тауарларының 9 пайызын Ақжайық елі еншілейді. Әр салада айтылар осындай тындырымды істер жетерлік. Азаттықтың діңгегі - ұлттық рухымызды асқақтатқан, елдігімізді мәңгілік құндылыққа айналдырған ҚР Тәуелсіздік күні мәңгі болғай!

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.