0:00 / 0:00
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізі акваториясында халықаралық есірткі арнасын әшкереледі. 1 қарашада Шекара қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бірлесіп жүргізген операция барысында үш шетел азаматы ұсталды. Олар су көлігімен қашуға әрекет жасаған. Сонымен қатар жағалау аумағында Қазақстанның екі азаматы қолға түсті.







