Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЛАДАҒЫ ЕКІ ЖОЛ 2027 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

c 11:21, 05/11 c 1

Орал қаласында Жәңгір хан көшесінің 4,9 шақырымдық бөлігін орташа жөндеуге 1 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары Айтқұлов көшесінен Әзербайжан көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жол төрт учаскеге бөлінген. Оның екеуінде жұмыс толық аяқталып, көлік қозғалысы ашылды. Ал қалған бөліктерде асфальт төсеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, биыл Айтқұлов көшесінен №30 мектеп аялдамасына дейінгі 2 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Ал жобаның қалған бөлігі келесі жылы аяқталмақ. Бұдан бөлек, «Ескі әуежай» шағынауданындағы Жұманиязов, Қоспанов және Жұмағалиев көшелерінде де жол жөндеу жұмыстары басталды. Жоба аясында 4,2 шақырым жолдың жабыны жаңартылып, 4,9 шақырым тротуар салынады. Бұл жұмыстарға 868 миллион теңге қарастырылған. Мердігер компания жолдың негізін толық жаңартып, үстіне жаңа асфальт төсейді. Жұмыстың бір бөлігін күн суытқанға дейін аяқтау көзделіп отыр. Ал толық реконструкция 2027 жылы тәмамдалады. Осылайша, Орал қаласындағы аталған екі жол жобасына жалпы 1 миллиард 968 миллион теңге бөлінген. Екі нысандағы жөндеу жұмыстарының толық аяқталуы келесі жылға жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.