Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН АЛКОГОЛЬДІК МАСАҢ КҮЙГЕ ТЕКСЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН

c 11:17, 05/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда көлік жүргізушілерін алкогольдік масаң күйге тексеру ережелеріне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тәртіп бойынша алкоголь мөлшерінің шекті деңгейін 0,3 промилле деп белгілеуді ұсынып отыр. Бұл туралы ведомство өкілі Гүлнара Сәрсенбаева мәлімдеді. Министрлік өкілінің айтуынша, жаңа шекті деңгей адамның шынымен алкоголь ішкен-ішпегенін анықтауға және ағзадағы табиғи процестердің әсерінен пайда болатын спирт мөлшерін ажыратуға мүмкіндік береді. «Егер тексеру кезінде 0,3 промилле және одан жоғары көрсеткіш тіркелсе, бұл алкоголь тұтыну фактісі болып саналады. Ал 0,3 промилледен төмен көрсеткіш ағзадағы зат алмасу процестерінің нәтижесінде пайда болатын эндогендік алкоголь болуы мүмкін», - деді Гүлнара Сәрсенбаева. Оның түсіндіруінше, адамның тынысынан анықталатын спирттің аз мөлшері зат алмасу ерекшеліктеріне немесе кейбір тағам өнімдерін тұтынуына байланысты болуы ықтимал. Жаңа талапты енгізудегі негізгі мақсат - алкотестер 0,2-0,3 промилле көрсеткен кезде туындайтын даулы жағдайлардың санын азайту. Осы арқылы алкогольдік масаң күйді анықтау тәртібін нақтылау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы қоғамдық талқылаудан өткен. Енді құжат мемлекеттік органдармен келісу кезеңіне дайындалып жатыр. Гүлнара Сәрсенбаеваның айтуынша, жаңа ережелерді бекіту біраз уақыт алуы мүмкін. Құжатты осы жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында қабылдау жоспарланып отыр. Айта кетейік, ұсынылып отырған 0,3 промилле шегі әзірге қолданысқа енгізілген жоқ. Жаңа тәртіп ресми бекітілгеннен кейін ғана күшіне енеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.