Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТӘРТІП САҚШЫСЫ МАРИХУАНА ҚОЛДАНҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛҒА ТАРТЫЛДЫ

c 11:26, 05/11 c 1

0:00 / 0:00

Оралда полиция қызметкеріне марихуана қолданғаны үшін 173 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Іс материалдарына сәйкес, облыстық полиция департаментінде жүргізілген профилактикалық іс-шаралар кезінде конвой бөлімшесінде қызмет ететін старшина медициналық куәландырудан өткен. Тексеру нәтижесінде оның ағзасынан каннабиноидтар тобына жататын есірткі заттарының белгілері анықталған. Сот мәліметінше, полиция қызметкері жазбаша түсініктемесінде марихуана қолданғанын өзі көрсетіп, кінәсін мойындаған. Қайта медициналық тексеруден өтпеген. Сот медициналық қорытындыны, қызметкердің түсініктемесін және өзге де материалдарды зерттеп, оны есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 173 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.