0:00 / 0:00
Ақтөбеде Неке сарайында әйел адам кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаны облыстық полиция департаменті растады. Әлеуметтік желілерде марқұмның 26 жаста болғаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ оның Неке сарайына қазіргі сүйіктісімен бірге келгені, ал қылмысқа бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін екені жазылған. Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті бұған дейін марқұммен бірге тұрған. Олардың арасында Неке сарайында ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты жанжал туындаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 28 жастағы күдікті көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.







