0:00 / 0:00
Қазақстанда кәсіпкерлер салықты кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін пайдалана алады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл мүмкіндікті 1 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланған. Жыл басынан бері салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу туралы мемлекеттік органға 1,5 мыңға жуық өтініш түскен. Олардың жалпы сомасы 56 миллиард теңгеден асқан. Комитет өкілдерінің түсіндіруінше, мұндай мүмкіндік салық заңнамасында көзделген негіздер мен талаптар болған жағдайда беріледі. Өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Бұл ретте кәсіпкер салық төлеуші ретінде кемінде екі жыл тіркелген болуы және өтініш берген кезде кәсіпкерлік мәртебесі қолданыста болуы тиіс. Ал салық төлеуді кейінге қалдыру мерзімі алты айдан аспайды.







