Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталып, банк алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

c 14:04, 05/11 c 1

0:00 / 0:00

Алматыда «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдаудың алғашқы күні Отбасы банк бөлімшелерінің бірінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Әлеуметтік желіде ғимараттың алдына жиналған жұртшылықтың видеосы тарады. Кадрлардан тұрғындардың банкке кіруге таласып, кезекке байланысты дауласқанын көруге болады. Кейбір әйелдер таңертеңгі қабылдауға үлгеру үшін көліктерінде түнеуге мәжбүр болған. Оқиға 3 қарашада болған. Куәгерлердің айтуынша, тұрғындар таңғы сағат 9-дан бастап жинала бастаған. Кезекті реттеу үшін келушілер арнайы тізім жасап, адамдарды сол бойынша ішке кіргізген. Ал әйелдерге арналған бағдарламаға ер азаматтардың келуіне олардың жұбайларына қолдау көрсетуі себеп болған. Отбасы банк өкілдерінің мәліметінше, өтінім қабылдаудың алғашқы күні сағат 11:30-ға дейін 300 өтініш түскен. Жоғары жүктемеге байланысты банк сервистерінде іркілістер болып, кейбір клиенттер кеңес алу мен құжат тапсыру кезінде қиындықтарға тап болған. Қазір қызметтердің тұрақты жұмысын қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр. Банк өтінім қабылдау жалғасатынын хабарлады. Құжаттарды бөлімшелерде, кеңесшілер арқылы немесе онлайн тапсыруға болады. Айта кетейік, бағдарламаға қатысу үшін конкурстық іріктеу қарастырылмаған. Сонымен қатар баспанасы бар әйелдер де ипотека рәсімдей алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.