Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқын қаупі сейілді

c 15:11, 12/04/2022 c 240

0:00 / 0:00

Облыста тасқынның беті қайтты.Мамандардың айтуынша, өңірдегі су тасқыны жағдайы аяқталуға жақын. Зардап шеккен аудандарда тұрғын жайларды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. «Қазсушар» филиалы өзендердегі жағдайды үнемі қадағалап, мониторинг жүргізіп отыр.Қазір аймақтағы су қоймаларындағы тіршілік нәрінің көлемі дабыл деңгейінен әлдеқайда төмен. Шаған арнасының 76%-і, ал Көшім арнасының үштен бірі ғана толған. Айта кетейік, бірер апта бұрын аймақта Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында 140 үйді су шайып кеткен еді. Табиғи апат салдарынан 168 бас мал қырылды. Қазір қарғын су астында қалған ауылдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ облыстық ТЖД басқарма бастығы жалпы жағдай қалыпты және бақылауда екенін айтты.Талдауларға сүйенсек өңірдегі трансшекаралық өзендердің тасу мерзімі әрқалай. Мәселен, Шаған мен Деркөл сәуірде арнасынан асатын болса, ал Жайық деңгейі мамырда көтеріледі. Дегенмен облыста қар толықтай еріп кеткендіктен енді су тасу қаупі сейілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.