Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тақырға отырған бизнес

c 16:46, 30/12/2020 c 677

0:00 / 0:00

2020 жылы әлемдік коронавирус пандемиясы бизнес субъектілерінің тақырға отырумен тарихта қалмақ. Әуетасымалы, туризм, тасымалдау саласы, мейрамхана, қонақүй желілері жұмыссыз қалды. Жалпы өңірде 42 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 40-мыңдайы шағын және орта бизнес өкілдері. Осы бизнес субъектілерінің 12 мыңдайы карантин шектеулеріне байланысты жұмысынан қағылған. Әлі күнге дейін кинотеатр, тойханалар қаңырап бос тұр.

Коронавирус пандемиясының кесірінен қызметіне орала алмай отырған кәсіпкерлер көп. Әсіресе, биыл тойхана иелері қып-қызыл шығынға батқан. Наурыздан бері жұмыс жасай алмай отырған жандар енді несие берешегін өтеу үшін алтын бұйымдары мен банкет залындағы жиһаздарын сатып жатқанын айтады.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мамандары карантин шектеулеріне байланысты қиын жағдайға тап болған бизнес субъектілермен бірге жұмыстанып жатқанын айтады.

Тойхана иелерінен бөлек коронавирус пандемиясынан зардап шегіп отырған саланың бірі-кинотеатрлар желісі. Олар өз жұмысын елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде тоқтатты. Бірақ кейбір өңірлерде кинотеатрлар жұмысқа күзде кірісті. Тіпті жаңа жылдың қарсаңында нұр-сұлтандық кәсіпорындар да қызметіне қайта оралды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.