Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тақсай ханшайымына кесене орнатылды

c 15:51, 12/10/2018 c 1673

0:00 / 0:00

БҚО Тақсай ханшайымына кесене орнатылды. 2012 жылы қазба жұмыстары кезінде табылған ханшайымның жасы шамамен 35-40 тарда деп болжаған болатын тарихшылар. Енді міне сол ханшайымға арнап арнайы кесене бой көтеріп, тарихи жәдігерге құрмет көрсетіліп отыр.

Бұл орын тектен текке таңдалып отырған жоқ. Дәл осы жерде 2012 жылы қазба жұмыстары жүріп, архелогтар 4 оба кешені барын анықтайды. Сол жерден осы алтын ханшайымның мүрдесі табылған, ханшайымды зертету барысында онымен бірге екі жауынгердің жерленгені анықталыпты және өзімен бірге алтын бұйымдары жерленген, осыған қарап тарихшылар бұл әйелдің жәй әйел емес, абройы биік, лауазымы жоғары ақсүйек тұқымынан деген болжам жасаған. Рухы биік, жауынгерлік мінезге бай әйелге бүгін арнайы кесене орнатылып отыр. Кесеннің ашылу салтанына қатысқандар да осы пікірді толығымен қолдап отыр.

Елбасының болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, тарихымыз түгенделіп жатыр. Соның ішінде осындай елге, ұрпаққа тәрбиелік мані бар тарихи кесененің бой көтеруіне осы Теректі ауданының бір топ азаматы демеушілік көрсеткені қуантады. Алыстан мен мұндалап тұрған аппақ кесенің биіктігі 7 метр. Теректі ауданы, Долин ауылы маңайында елге көрнекі жерге орналастырылған.

Яна Лұқпанова,
БҚО тарих және археология орталығының қызметкері
Бұл орын тектен текке тандалып отырған жоқ. Осы жерде Тақсай оба кешенін таптық. Тақсай бір, тақсай бес кешендері осы жерде. Біз әдейі елге көрінетін, жолдың бойындағы жерді таңдап алдық. Бұл тарихтан тағылым беріп қана қоймай, жастарды рухтандырып тұратын болады.

Кесененің ашылу салтанатына қатысқан қонақтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған көшпелі көрмені тамашалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.