Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағылымды кездесу

c 18:28, 20/02/2019 c 644

0:00 / 0:00

Облыс орталығында Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Жан дүниемнің сыры" атты ерекше кездесу өтті. Аталмыш шараны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастырған еді. Кездесу тед форматында ұйымдастырылған. Шарада сөз алған жандар қиын жағдайға тап болған кезде мойымай қиындықпен күресудің маңызды екендігін тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда шаһарымызда 8000 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 1300-дейі кәмелет жасына толмаған. Қам көңіл жандардың өмірден өз орынын табу күн тәртібінен түспейтін сауал екендігі даусыз. Десек те, тағдырдың түрлі тауқіметін тартып жүріп, қиындыққа мойымай, көпке үлгі болып жүрген жандар да аз емес.

Арнайы тед форматында ұйымдастырылған шараға мүмкіндігі шектеулі болса да спортта жеңіске жетіп , қоғам белсендісіне айналған жандар сөз алды. Әрбір мейман өмірде өткерген қиындықтарын тізбектеп, тығырықтан қалай шыққандығын айтып берді. Кездесуге қатысқан Айымгүл есімді ару ұйымдастырылған шараның мән-маңызына тоқталды. Рухани жаңғыру бағдарламасы қиындықты бастан кешіп жүрген жандардың санына әсер етеді деп үмітенеді.

Қам көңіл жандардың өмір жолы, олардың еңбегі туралы баяндалатын шаралар легі алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.