0:00 / 0:00
Орал қаласында Teniz Capital Investment Banking инвестициялық банкінің жаңа филиалы ашылды. Бұл — компанияның Қазақстандағы төртінші кеңсесі. Сонымен қатар мұнда Tabys Pro мобильді инвестициялық қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды. Платформа қолданушыларға аз қаражаттан бастап инвестиция жасауға және оны ыңғайлы цифрлық форматта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің айтуынша, қосымша инвестициялық құралдармен қатар, қаржы нарығына жаңадан қадам басқан азаматтарға арналған білім беру шараларын да қамтиды. Толығырақ келесі сюжетте.










