Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табиғи өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

c 18:04, 01/07/2022 c 1345

0:00 / 0:00

Тасқала ауданында далалық өрттерді сөндіруге арналған оқу-жаттығу өтті. Төтеншеліктер ұйымдастырған оқу-жаттығуға 115 адам мен отыздан астам техника қатысты. Биыл БҚО-да 200 -ден астам қызыл жалын тіркеліпті. Тілсіз жаудың көбі облыс орталығы, Бөрлі мен Бәйтерек, Казталов ауданында болған.

2 жыл пандемиядан соң төтеншеліктер қос елдің шекарасында арнайы оқу-жаттығу жасады. Басты мақсат- шекара маңында тілсіз жау тұтанса, қызыл жалынды тез сөндіруді пысықтау.

Оқу-жаттығуға Ресейдің Саратов губерниясынан өрт сөндірушілер арнайы келді. Олар төтеншеліктердің дайындығын бақылап, озық тұстарын түртіп алды.

Төтеншеліктердің келтірген мәліметі бойынша, биыл облыс аумағында 200-ден астам тілсіз жау тіркелген. Олардың дені Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов ауданында болыпты. Десек те, биыл ауа-райына байланысты орман мен дала өрттері тіркелмеген. Тек далалық жерде 12 жану дерегі анықталыпты. Осы дала мен орман өртін дер кезінде сөндіру үшін техника сақадай сай болуы қажет. Жыл сайын төтеншеліктер тілсіз жауды сөндіретін техниканың 5-ін жаңартып отыратын көрінеді.

Табиғи өртке қарсы трансшекаралық оқу-жаттығу жұмысы келесі жылы да өз жалғасын таппақ. 2023 жылы батысқазақстандық төтеншеліктер Саратовқа барып, тәжірибе алмасады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.