Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судың да сұрауы бар

c 19:40, 27/11/2019 c 847

0:00 / 0:00

Қазақстандағы су қоймаларының 40 пайызы ескірген. Олардың 82 пайызының пайдаланыла бастағанына 40 жылдан асқан. Тұтастай алғанда барлығы апаттық су жіберу жүйесіне мұқтаж. Қазіргі таңда су қоймаларының иелері инвестиция салмастан, барлық пайданы өз қалталарына салады. Ал сапалы ауыз суға бөлінген млрдтар дұрыс игерілмей, ауылдардың 51%-ы таза ауыз суға зәру болып отыр. Бұл дегеніміз – 2,5 млн адам немесе халықтың 13%-ы таза суға қол жеткізе алмауда. Су мәселесі бүгін Парламент Сенатында өткен тыңдауларда талқыланды.

Су -тірлішік көзі.  Үкімет таза сумен қамтуға жыл сайын бюджеттен млрдтар бөліп жатады. Алайда, оның сұрауы жоқ. Тиімсіз пайдалану, қаржы жымқыру деректері судың да маңайында орын алуда. 2011 жылдан бері сумен жабдықтау және су тарту жобаларын жүзеге асыруға қазынадан жалпы 589 млрд теңге бөлінген. Ал 1,2 трлн теңге жұмсалған "Ақ бұлақ", "Ауыз су" бағдарламалары халықты қажетті сумен толық қамтып отырған жоқ. Ауылдық елді мекендердің 51%-ы сол баяғынша  таза ауыз суды армандап отыр. Бұл дегеніміз – 2,5 млн адам немесе халықтың 13%-ы. Депутаттар суға бөлінген қаражаттар қайда кетті деп даурықты.

Құзырлы орган 2023 жылы халықты толық таза сумен 100 пайыз қамтимыз, қатырамыз деп уәде берді. Ал кемшіліктерді мойындап отыр.

Бұдан бөлек, кәріздік тазалау құырлғылары да ескіргені айтылды.  87 қаланың 58-інде ғана кәріздік тазалау ғимараттары бар және олардың көпшілігі апаттық жағдайда. Сенатор Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, 29 қалада мұндай құрылғы атымен жоқ. Ал  су ағындылары қоршаған ортаға таралып жатыр. Қазақстандағы су қоймаларының 40 пайызы ескірген. Олардың 82 пайызын пайдаланып  жатқанымызға 40 жылдан асқан. Тұтастай алғанда барлығы апаттық су жіберу жүйесіне мұқтаж. Ал су қоймаларының иелері қаржы салмастан, барлық пайданы өз қалталарына басуда. Сенаторалдың мәліметінше, соңғы үш жылда су ресурстары саласында жалпы 5 млрд теңгеден астам залал әкелген 102 қылмыстық құқықбұзушылықтар анықталып, 30 адам сотталды. Сенат сумен қамту мәселесімен айналысатын жеке орган қажет деген ұсынысты алға тартты.

Дәриға Назарбаева – Қр парламент сенатының төрағасы; «Біздің ұсынымыз- сумен қамту жүйесін реттейтін бөлек құзырлы орган қажет».

Ел президенті күздегі Жолдауында қазынадан алдағы үш жылда халықты сумен қамтуға 250 млрд теңге бөлінгенін атап өткенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.