Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУБҰРҚАҚТАРДАН СУ СЫНАМАЛАРЫ АЛЫНДЫ

c 17:37, 07/06/2022 c 724

0:00 / 0:00

Қаламыздағы көздің жауын алар субұрқақтардан неше түрлі инфекциялар табылуы мүмкін. Сол себепті де қалалық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қала аумағындағы субұрқақтардан су сынамаларын алып, тексеріске жіберді.

Қалалық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасы әркез тазалыққа баса назар аударады. Осы орайда қала аумағындағы субұрқақтар да назардан тыс қалмайды. Ағымдағы жылдың 6-маусым күні Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес: Ж.Молдағалиев көшесінде орналасқан және Пугачев, Лермонтов, С.Датов, Чапаев, сондай-ақ тұңғыш Президент саябағындағы фонтандарға мониторинг жүргізіліп, су сынамалары алынды. Жаздың аптап ыстығында жұртшылық субұрқақтарды паналауды әдетке айналдырады. Қаламызда бұндай 25 нысан бар. Фонтан сулары ешқайда ақпай, бір жерде тұрғандықтан тез ластанады. Мұндай суға бір сүңгіп шыққан баланың жұқпалы дертке шалдықпасына ешкім кепіл бола алмайды. Әрине ойын балалары мұны еш ескермейді. Қаламызға көрік беріп тұрған бұл субұрқақтардың қауіпті жақтары да жоқ емес. Сол себепті оларда шомылуға болмайды. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Қазақстанда субұрқақтарға шомылып, тоққа соғылған жағдайлар көптеп кездескен. Құрметті қала тұрғындары, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян келмегенін қаласаңыздар, жазғы уақытта фонтан суларына түспеулеріңіз және тұтынбауларыңыз сұралады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.