Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су жаңа депутаттар

c 07:01, 15/01/2021 c 637

0:00 / 0:00

Ел Парламентінің су жаңа депутаттары бүгін мандаты мен төсбелгісін алды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған мәжілісмендерді Орталық сайлау комиссиясында құттықтап, мандаттарын таратып берді. Ал ертең VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде.

Осымен жыр болған сайлау науқаны да аяқталды. Көпшілік күткендей парламентке сайлауға түскен партиялардың бәрі бірдей өте алмады. Сол баяғы үштік өтті. Олар- Nur Otan, Ақжол және Қазақстанның халық партиясы. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған су жаңа депутаттарды жинап,  арнайы куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.

Айта кету, керек қазіргі биліктегі партия- Нұр Отаннан сайланғандардың ішінде бұрынғы депутаттардың біразы бар. Экс-сенат төрағасы Дәриға Назарбаеваға да осы шақырылымнан депутаттық бұйырды. Ал Мәжіліс спикері болып келген Нұрлан Нығматулин палатаны қайта басқара ма әзірге белгісіз. Дегенмен ол да депутаттық мандатын жаңартып алды. Шум

"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.Қазақстан Халқы Ассамбелясынан 9 депутат сайланды. Депутат болуды армандағандары көрініп-ақ тұр. Қолдарына мандаты тигендердің қуаныштарында шек болмады. Карантин талабына  қарамастан бірін-бірі құшақтасып  құттықтап жатты.

Тіпті кейбірінің депутат бола салып, сұқбат беруге уақыты болмай қалды. Шум

Ал ертең VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде. Жаңадан сайланған депутаттар «халыққа адал қызмет етемін» деп ант береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.