Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су тапшы

c 17:38, 13/08/2020 c 751

0:00 / 0:00

Жайық өзенінің көлемі өткен жылғы осы кезімен салыстырғанда көбейе түсті. Бұл өзен арнасынан асады деген сөз емес. Жалпы соңғы жылдары өңірдегі өзендер арнасынан аса алмай оны жағалай жайлаған халық су тапшылығын сезінуде. Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында Ресей мен Қазақстан арасында келіссөздер жүргізілуде.Облыстағы ең басты су көзі - Жайық өзені өз бастауын Ресей Федерация­сы аумағындағы Орал тауларынан алады. Өткен жылы Жайықтың су деңгейі 52 жылда болмаған деңгейге, яғни 240 сантиметрге жетті. Ал 1967 жылы су деңгейі 264 см болғанын ескерсек, соның өзінде 24 см-ге төмен болды. Бір кездері су тасқыны болған уақытта өзен суының деңгейі 594 см-ге дейін көтерілген. Су тапшылығы жағдайын ескере отырып, наурызда қажетті су көлемін жинау үшін су қоймаларының қақпалары толығымен жабылды. Яғни жобалық көлемнің 90 пайызын орындау үшін бүгінде көрші мемлекетпен келіссөздер жүргізілуде. Жуық арада ағып келетін су көлемін секундына 90 кубқа дейін жеткізу мәселесі қаралуда. Қазір Жайыққа секундына 3 куб текше метр ғана жиналуда. Яғни жіберіліп жатқан су көлемі 10 есе аз. Бұл облыс орталығындағы ауыз су тапшығына әкеп соқты. Өздеріңіз білетіндей маусым айынан бері Оралда су арнайы кесте бойынша таратылуда.Ал жалпы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 107 млн текше метр су алу қажет. Осының барлығын ескере келе, облыс әкімдігі биыл өңірдегі экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін жетіспейтін 35 млн текше метр көлеміндегі Еділ суын алу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінуіне ықпал етуді сұрап, Қаржы министрлігіне хат жолдаған. Яғни арнасы толмай тұрған Ақ жайықтың ендігі тағдыры Еділден келетін суға байланысты болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.