Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорттық мереке жаңа кейіпте тойланды

c 13:39, 20/08/2018 c 637

0:00 / 0:00

Спорт мерекесі биылғы жылы шаһар аумағында ерекше салтанатпен аталып өтілді. Мереке тойланған алаңда киіз тігіліп, алтыбақан құрылған еді. Әрбір қала тұрғыны дастарханнан дәм татып, арқан тартысып, демалысын қызықты өткізуге мүмкіндік алды.

Футбол алаңы демалыс күндері құдды бұрынғы қазақ ауылының кейіпіне енгендей болды. Жасыл алаңда киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылып, алаңның шет- шетінде спорт саңлақтарының жетістіктері қойылған көрме жұмыс жасады. Жаңаша форматта тойланған мереке "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында іске асқан еді.

Еліміз спортты дамыту үшін барлық дерлік жағдайды жасап жатыр. Бұл сөзімізге облыс көлемінде бой түзеп келе жатқан спорт нысандары дәлел бола алады. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту мен оны халық арасында насихаттау үшін кәсіби мамандардың біліктілігі мен тәжірбиесі бәсекеге қабілетті болуы керек.

Спорттың мән-маңызы мен келешектегі жоспарлар жіпке тізілгеннен кейін, айтулы шараларда ел намысын қорғап, шәкірт тәрбиелеп жүрген үздік жаттықтырушылар марапатталды. Сондай-ақ, спорт басқармасының марапатына биылғы жылы торқалы жиырма жылдық мерей тойын атап өткелі тұрған ТДК-42 телеарнасы ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.