Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорттағы жаңалық

c 15:49, 22/10/2019 c 945

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Ғали Есқалиев спорт саңлақтарымен жүздесті. Кездесу барысында спортты дамытуға кедергі келтіретін жағдайаттар мен аталмыш салаға бөлініп отырған қыруар қаржының қалай игеріліп, қайда жұмсалып жатқандығы сөз болды. Сала ардагерлері облыс көлемінде спортшыларға арналған арнайы орталықтың жоқтығын айтып, оны ашу үшін аймақ басшысынан көмек сұрады.

Биыл қазынадан БҚО спортына 4 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Аталмыш қомақты қаржының 168 млн-і Орал қаласында орналасқан 13 спорт нысанында жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақасына төленіп отыр. Яғни, бұл қаражат нысандардың әкімшілік қызметкеріне арналған.

Жиында сөз алған сала ардегері жаттықтырушылардың мардымды жалақы алмайтынын алға тартып отыр. Жалақасы аз жұмысқа жастардың қызығушылығы болмағасын, спорт жақсы жаттықтырушылардан қағылып жатыр,- дейді. Сондай-ақ, облыс көлемінде спортшыларға арналған арнайы орталықтың жоқтығы да сөз болды.

Жиында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мәселесі айтылды. Қам көңіл жандар облыс әкіміне барлық стандарттарға сәйкес спорттық нысан салынса екен деген өтініштерін жеткізді. Кездесу соңында спорт саласындағы кейбір олқылықтарды түзету үшін жұмыс тобы құрылды.
Аталмыш жұмыс тобы қазіргі таңда спорт саласындағы олқылықтарды түзетіп, проблемаларды шешеді деп сенейік. Соңғы әзірде қоғам белсенділері облыс спортын сынға алып, жұмыс сапарымен келген Сапарбаевқа басқарма ат спортына көңіл бөлудің орынына есек баптап отырғаны турасында шағымданған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.