Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шырылдауық шегіртке

c 11:00, 30/05/2020 c 1029

0:00 / 0:00

Шырылдауық шегірткенің егіс алқабына әкелер зор зиянынан құтылу үшін, оны жою жұмыстары күшейтіліп жатыр. Диқандар егінін салып, оның өсімін күтіп отырғандар шегіртке қаптап, бар еңбегін зая қылып жатады. Бұл жылдағы көрініс. Ауыл шаурашылық министрлігі шегірткемен күреске  1 млрд теңге бөліп отыр. Биыл 544 мың гектар жерді зиянкесті шегіртке жаулап алуы мүмкін деген болжам бар. Әсіресе, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына қауіп төніп отыр. Бұл жайында онлайн брифинг барысында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді.

Шаруаның қас дұшпаны шырылдауық шегірткелер биыл да жай қалдырмайтын түрі бар.  Жайылым мен шабындықты отап, енді ғана көктеп келе жатқан егіс алқабын тақырлап кетеді. Бұл диқандар үшін қып-қызыл шығын. Шегіртке жалғыз немесе топтасып өмір сүреді. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәлімдеуінше, бізге келетіні үйірлі шегіртке. Үйір шегірткелері үнемі қоныс аударып,көшпенділікке  бейімделген. Тіпті  жүздеген шақырым қашықтықты ұшып өте алады. Жоқ дегенде үйірінде 40 миллиард шегіртке болуы мүмкін. Олар жүріп өткен жолдарында бәріп жайпап өтеді. Осылайша  ауыл шаруашылығына орны толмас зиян келтіріп, шаруаларды шығынға батырады. Ерен еңбегі зая болады. Ағымдағы жылы елде 544 мың гектар жерді шегіртке жайлауы мүмкін.

Қазынадан бөлініп отырған 1 млдр теңгеге шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізумен қатар, оның ошағын  анықтау үшін планшет пен gps қолданылмақ. Оңтүстік өңір марокко шегірткесіне қарсы химиялық іс-шараларын дайындап жатса,  Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары итальяндық прусқа қарсы қорғау шараларын өткізуге кірісіпті. Биыл Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына зиянкесті шегірткенің келуі көп болады.

Алмабек Марс – ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы; «Әсіресе  БҚО, Ақтөбе, ШҚО аймақтары бойынша, шегіртке көп таралады деген алаңдаушылық бар. Бұл аймақтарда шегірткеге қарсы күрес күшейтіліп жатыр. Шекаралас елдермен де бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Қажетті фито-санитарлық шаралар жасалады».

Алмабек Марстың айтуынша,  Африкада соңғы 25 жылдағы шегірткенің ең ірі көші жүріп жатыр. Шегірткенің таралуына Африканың көптеген аймақтарындағы аштық себеп болуы мүмкін. Шегірткелердің бұрын-соңды болмаған көші Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және Оңтүстік Шығыс Азияның басқа елдерінде тіркелуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.