Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетел қашқандар

c 20:45, 09/01/2020 c 654

0:00 / 0:00

Ел қазынасына қол сұғып, қаржыны жымқырып, қалтасын толтырып қашқан 33 азамат шетелде жүр.Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов  журналистермен өткен брифингте мәлімдеді. Енді бұл қашқындарды тезірек қолға түсіру үшін Қазақстан  Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобына кірді.

Сыбайлас жемқорлық белең алған елдердің қатарында көрнекті орында тұрған Қазақстанның бұл дерттен айығуы қиынға түсіп отыр. Заң қатаңдатылды, бақылау күшейтілді. Дегенмен, қазынаға қол сұғуда алдына жан салмайтын жемқорлардың тәбеті таусылар емес. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 65 қылмыскер   іздеуде жүрсе, соның  33 –і шетелде қашып жүр. Әрине қашқындар көшін Женевада бой тасалап жүрген экс әкім Храпунов, Францияда отырған экс-банкир Әблязов  бастап тұр.

Тіпті бұл қашқындарды тезірек ұстап, елге әкелу  үшін Қазақстан Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобының (ЕКСЖТ) құрамына мүше болды. Сонымен қатар, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға себін тизігеді.Бүгінде бұл ұйымға әлемнің 50 елі кіріпті.

Халықаралық сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстаннан заңсыз түрде 167 млрд доллар оффшорға шығарылған. Мұндай қаражатты тәуелсіздік жылдарында Ұлттық қорға жинап үлгерген жоқпыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.